Қазақша посттар
Мотивация

Елена Рыбакинадай жігерлі бол ✊

Күні кеше Ұлыбританияның төрінде қазақстандық Елена Рыбакина топ жарды. Төрткүл дүние көз тіккен теннистен әлемдік Уимблдон турнирінің тарихында біздің спортшының есімі алтын әріппен қалады.


Әрбір қазақстандықтың жүрегін мақтаныш сезімі кернеді. Небері 23 жасында чемпион атанған арудың жетістікке жетер жолы оңай болмады.


18 жасында спорттан кету туралы ойынан кері қайтуына әсер еткен тенниске деген махаббаты. Барлық сөздерге мән берместен, өзінің қабілетін шыңдау үшін аянбай еңбек етті.


2018 жылы әлемдік рейтингтің төменгі сатысында болған қазақстандық спортшы дайындықты тоқтатпастан өз арманына қарай анық қадам басып, арада 4 жыл өткен соң ең үздік деп танылды.


Қорытынды: ҰБТ-да сен үшін дәл қазіргі бір сынақ.Ол сынақтан сүрінбей, үздік болып өту үшін, тынбай еңбек етіп, дайындықты ерте бастау керек. Өзгелер қолыңнан келмес десе, Еленаның жігерін еске ал. Сол үшін, қазір орныңнан тұрып дайындықты баста. Бүгінгі әрекет - ертеңгі жетістік.