Емтихан алдындағы стресс оқушылардың басым бөлігіне таныс. Стресс қорқыныштан пайда болады. Ал қорқыныштың екі себебі бар: белгісіздік және өзіңе сенімсіздік. Сол үшін мектепте қайта-қайта сынақ емтиханын тапсыртады.
Сабаққа дайындалған сайын алған біліміңді біреуге түсіндіріп отыр. Сонда ұсақ бөлшектеріне дейін есіңде қалады. Ал емтихан болатын түні жақсылап ұйықтау керек.
Сондай-ақ, басқалардың қалай ҰБТ тапсырғанын, қалай грантқа түскенін сұрастыр. Сонда сен қазір алаңдап жүрген тест негізінде болмашы зат екенін түсінесің.
Стэндапер, блогер қыз Жансая арнайы сен үшін өзінің қалай ҰБТ-ға дайындалғанын, қалай тапсырғанын айтып берді. Видеоны көріп, өзіңе мотивация алғың келсе, МЫНА сілтемеге өт.