Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Ұлдарға арналған мамандықтар

Ұлдарға арналған мамандықтар өте көп. Соның ішінен арнайы 10 шақтысын ғана таныстырамыз.


1. Саясаттану. Қазақстанның ішкі және сыртқы аренадағы саясатына араласатын адам. Геосаясат та осыған кіреді. Халықаралық, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарда, жоғары оқу орындарында, елшілікте, дипломатиялық қызметте істей алады.


2. Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі - мемлекеттік және коммерциялық салада осы төрт қызметті жүзеге асыратын адам.


3. Механика - мехникалық заттар, тұрмыстық техника, автокөлік, авиалайнер секілді техникаға қатысты заттарды жөндеумен айналысатын адам.


4. Ақпараттық технологиялар - бағдарламашылар, компьютерлік мамандар, бағдарлама жасау дизайнерлері, IT мамандары.


5. Электр техникасы және энергетика - энергетикалық қамтамасыз ету жүйелерін әзірлеу, өндіру, энергия үнемдеу және пайдалану қызметін атқаратын мамандар.


6. Автокөлік құралдары - көлікті жөңдеу, пайдалану және жобалаумен айналысатын мамандар.


7. Әуе көлігі және технологиялары - ұшқыш, инструкторлық қызмет, тікұшақ ұшқышы, стюардесса, авиадиспетчерлік қызмет атқара алады.


8. Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс - жылу және газбен қамтамасыз ету, желдету және сумен жабдықтау, сонымен қатар құрылыс инженериясы саласындағы мамандар.


9. Туризм - түрлі елдерде демалушы туристердің демалуына жағдай жасап, елдің көрікті жерлерін әлемдік деңгейге танылуын қамтамасыз ететін маман.


10. Жалпы медицина - денсаулығында ақауы бар адамдарды тексеріп, емдеумен айналысатын мамандар. Хирург, стоматолог, офтальмолог, травматолог, т.б. мамандықтар толып жатыр. Ұлдар жалпы медицинаның ішінен «Акушер», «гинеколог» сияқты мамандықтардан аулақ болғаны абзал. Олар қыздарға арналған.


11. Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау – білім беру ұяларында мұғалім.

Мамандықтардың көбі ұлға немесе қызға арналған деп бөлінбейді. Бұл 11 мамандықты қыздар да таңдай алады. Ал ұлдар осы мамандықтарды таңдаса қателеспейді.