Қазақша посттар
2022-08-03 11:58 Пайдалы кеңестер

Химия-физика таңдап, қай мамандыққа түсуге болады?

Шын ба? Шынымен осы екі қиын пәнді таңдайсың ба? Онда жүрек жұтқан оқушы екенсің. Ендеше тек сен үшін осы постты арнаймыз.


Химия мен физиканы таңдағандар «Химиялық инженерия және процесстер» деген Білім беру бағдарламасында (БББ) оқи алады. Бұл БББ-да үш түрлі мамандық бар:

1) Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

2) Органикалық заттардың химиялық технологиясы

3) Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы


Бұл мамандықтар тобына біраз грант бөлінген: 764. Ал шектік балл: 50. Демек, екі қиын пәнге дайындығың 50 баллдан жоғары жинап берсе, грантқа іліктім дей бер. Қуанатын жері, бұл мамандыққа сұраныс жоғары. Қалай жоғары болмасын, қазір ішіп-жейтін, киетін бүкіл нәрсеміз химиядан жасалып жатыр.


Оған қоса, химия, тау-кен және өңдеу өнеркәсібі, полимер, шикізат өңдеу, газ, мұнай саласында химик, технолог боп жұмыс істейді.

Мойындау керек, бұл пәндерге дайындалу оңай емес. Ол үшін мұғалімің мықты, өзіңнің сабырың алтын болуы керек. Ендеше саған JOO.kz курсы жайлы еске салайық. Ең үздік мамандар оңай жолмен түсіндіретін курсқа қатыс, өкінбейсің. Толық ақпарат алу үшін МЫНА сілтемеге өт.