Кейбір ҰБТ тапсырушылардың ҰБТ туралы естіген мифтерін жоққа шығарамыз. Мифтерді миыңнан жойған соң, саған ҰБТ-ға дайындалу бұрынғыдан жеңіл болады.
1)ҰБТ-да мүлде оқымаған сұрақтар келеді. «ҰБТ-да келген сұрақтар келер жылғы ҰБТ-да келмейді» деген сөзді ҰБТ-да мүлде оқымаған, аспаннан алынған сұрақтар келеді деп түсінеді. ҰБТ-да келетін сұрақтар сен бұрын оқыған сабақтардан келеді. Барлық сұрақтар оқулықтан алынады.
2)ҰБТ-ға 2-3 ай қалғанда дайындала саламын. Бұл ең үлкен МИФ. Солай жүргенде қалай қыстың келгенін, қалай көктемнің келгенін білмей қаласың. Кейін бармағыңды тістеп отырмас үшін дайындығыңа бар күшіңді қазірден сал!
3)Дайындыққа керек барлық материалды жинап алайын, сосын ҰБТ-ға дайындық жоспарын жасаймын, сосын дайындықты бастаймын. Ең әдемі МИФ. Одан да қолыңда бар құралдармен дайындала бер.
Енді сен жақсы дайындыққа кедергі келтіріп, мотивацияны өшіретін түсініктер жайлы білесің.