Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Білім алудағы 3 пайдалы веб-ресурс 💻

Қазіргі кезде білім алу мақсатында қолданылатын көптеген веб-ресурстар бар. Веб-ресурс білім алу процесін қызығырақ етіп, әлемнің түкпір-түкпірінен жаңа дос табуға мүмкіндік береді. Сол үшін соңғы жылдары танымалдылығы артып, интернеттегі заманауи білім алу платформасы ретінде танылып келеді.


1. Дискорд

Дискорд тек геймерлерге арналған сервер ғана емес, ол сондай-ақ мыңдаған адамдардың онлайн білім алу ресурстары мен көптеген студенттік клубтарды қамтыған, алып платформа.

Дискорд бағдарламасы ұсынатын ыңғайлы әрі түсінікті интерфейс оны Zoom, Skype секілді өзге платформалардан ерекшелеп, виртуалды кездесулер өткізуге және білім алуға қолайлы веб-ресурстардың біріне айналуына жол ашты.


2. Твиттер

Твиттер дегенді естігенде, бірден есімізге Илон Маск, Дональд Трамп секілді әлемдік тұлғалардың "күлкіге" айналған қалжың сөздері түседі. Алайда Твиттерде түсінбеген кез-келген сауалыңды өз ісінің мамандарына немесе басқа адамдарға қойып, кері байланыс алуға да болады. Ол үшін #Studytwt, #Studytwit секілді арнайы хэштег қолдану қажет.


3. Тикток

Оқуға байланысты неше түрлі лайфхактар мен әдіс-тәсілдерге толы қысқа әрі сапалы видеолар әлем жастарының назарын өзіне аудартып, аз уақыттың ішінде Тикток платформасын онлайн білім алудың тағы бір танымал веб-ресурсына айналдырды.