IT мамандары - компьютерлік жүйелер мен алгоритмдерді әзірлеушілері мен сарапшылары, бағдарламашылар, компьютерлік мамандар, электроника инженерлері, байланыс және аспап жасаушы инженерлер, өнеркәсіптік роботтарға техникалық қызмет көрсету және т.б.
IT саласы ең қарқынды дамып жатқан сала. Еліміздегі Digital Kazakhstan бағдарламасы арқылы әрбір саланы цифрландыру және ақпараттық технологиямен ұштастыру көзделген.
Кез-келген жаста бұл саланың маманы болуға болады. IT мамандығы ер балаларға да, қыз балаларға да сәйкес келетін мамандық. Егер сенің математикаға, логикаға икеміңіз бар болса, аналитикалық ойлау қабілетің жоғары болса IT саласын таңдағаның абзал.
Бейіндік пәндер: математика және физика.
Жалақысы: 100.000 - 1.000.000 теңге
Жұмысы жайлы: IT маманы әлемдегі ең керекті және перспективті мамандықтардың бірі. Компьютерлік және мобильдік ойындар, бухгалтерлік бағдарламалар, редакторлар, мессенджерлер және т.б. күнделікті қолданатын бағдарламаларды программмисттер дайындайды. Сайттар, мобильдік қосымшалар дайындайды. Кез келген компанияға осындай қызметтер қажет болғандықтан, жұмыс табу қиын емес. Сондай-ақ фрилансерлік жұмыс атқарсаң болады.
Ең үздік оқу орындары: МУИТ, СДУ, КБТУ, ЕТУ, AITU.
IT маманы болам десеңіз мектеп кезіңізден жазғы демалыстарда компьютер саласы жайлы мәлімет жинап, осы мәліметтерді іс жүзінде қолданып көргеніңіз абзал.
Ал оқуға келетін болсақ, еліміздегі IT мамандығына оқытатын ең үздік университеттердің бірі
- МУИТ арнайы біздің курстың оқушыларына 10 грант бөлді. 😍
Арманыңдағы мамандыққа грантқа түсу мүмкіндігіңді 2 есе арттырғың келсе, курсқа жазыл да, ҰБТ-ға үздіктермен бірге дайындал.