Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

ҰБТ-ға дайындықты қай сыныптан бастаған дұрыс? 🧐

5-6-сыныптан бастау керек деген түсінік дұрыс емес. Тым ерте, оқушының бәрібір есінде қалмайды. 11-сыныптан бастасаңыз, бір жылдың ішінде бес пәнді толық меңгеріп шығу ауыр болады. Ал жарты жылдың ішінде дайындалу денсаулыққа да зиян.


Ең жақсы вариант – 9-сыныпты бітіріп, 10-сыныпқа келгенде мамандық таңдап, дайындықты бастау. Екі жыл ішінде асықпай, баппен оқып, жақсы уақыт өткізе аласың. 2 жыл ішінде еске түсіріп, қайталап үлгересіз. Таңдау пәндерің химия мен биология сияқты қиын пәндер болса, екі жыл өте жақсы уақыт.


Алты ай ішінде дайындалам десең, үлкен стреске дайын бол. Ұйқы, демалыс, спорт, достармен қарым-қатынас – бәрі ақсайды. Артынан депрессия, шаршау, байбалам салу басталады. Ал екі жыл ішінде денсаулығыңыз да жақсы, көңіл-күй де тамаша!


11-сынып тек ҰБТ-ға дайындықпен өтпейтіні белгілі. Мектеп пәндерін де оқу керек. 10-сыныптан басталған дайындықтың арқасында сізде асығыстық жоқ, бос уақыт бар.

Ұзақ дайындықтан жақсы нәтиже көрсетіп, қалаған ЖОО-ға грант ұта аласыз. 2 жыл дайындық пен алты ай дайындықты салыстырып көріңізші, кімнің грантқа мүмкіндігі көп екен?