Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Көп түлектер неге ҰБТ-дан төмен балл жинайды? 🧐

Егер адам өзі қаламаған іспен айналысып, өзіне ұнамайтын ортада өмір сүрсе, ол өзін бақытсыз сезініп, бірте-бірте сенімділігін жоғалта бастайды.


ҰБТ-ға дайындық сенің күнделікті әдетіңе айналған кезде, оны жақсы көруің керек. Нақтырақ айтқанда, оқып жатқан пәнді, болашақ мамандықты, оқу жүйесін ұната білу маңызды.


Әр күн сайын кітап бетін ұнатпай ашудың соңы сәтсіздікке әкеледі. Сол себепті, әрбір әрекетіңді құлшыныспен дұрыс ниетпен баста. Сонда ғана, соңында жақсы нәтиже сені күтеді.

Сәттілік, жас талапкер! 🧡