Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Уақытты тиімді пайдаланудың 3 тәсілі

1. Көп адамдар көңіл-күйі болмағанда жалқаулыққа беріліп, уақыттарын босқа өткізіп алады. Ал уақыт қайтып келмейді. Сол себепті де, өз эмоцияңды басқарып үйрен. Прокрастинацияға берілудің орнына, берілмеудің жолдарын ізде.


2. Күннің бірінші жартысында қиын әрі көп уақытты талап ететін істерді жаса. Маңызды әрі міндетті түрде орындалу қажет жұмыстарды бірінші орынға қойып, босқа уақытыңды алатын пайдасыз нәрселерден біртіндеп арылуға тырыс.


3. Бір істі бастағанда оның түпкі нәтижесіне көп мән беріп, сол туралы ғана ойлай берме. Әйтпесе стресске душар болып, мотивацияңды жоғалтып алуың мүмкін. Мысалы, ертең бір жерге баруды жоспарлап қойдың делік, бірақ ол күні жаңбыр жауып, жоспарыңның быт-шытын шығаруы мүмкін. Көрдің бе? Бұл дегеніміз өзіңе қатысты нәрселерді ғана басқара алатыныңды білдіреді. Сондықтан қолыңнан келгеннің барлығын жасап, әр ісіңді құлшыныспен атқар, бірақ нәтижесі жайлы ойлап, құр уайымға салынба.