Қазақша посттар
2022-07-26 17:34 Пайдалы кеңестер

Мектепте алатын білімнің не маңызы бар? 📖

Алғаш рет жауапкершілікті сезіндіретін, қабілетімізді шыңдайтын орда – мектеп. Өзімізге достарды да осында табамыз, түрлі қызықты сәттерді санамызда сақтап қаламыз.

Ал осы мектептің бізге беретін білімі қаншылықты маңызды?


«Синус пен косинустың өмірге еш керегі жоқ», деп математикаға ызасы келетін дос барлығымызда бар.

Ал сен білесің бе, жаңа дүние үйрену сенің миыңа қаншылықты пайдалы екенін?

Сен есептер шығара отырып, мида жаңа қыртыс қалыптастырасың. Сол жаңа қыртыс сенің болашақтағы мәселелерді жүйелі түрде шешуіңе көмектеседі.


Осы себепті, әрбір мектептегі алған білімің болашақта ұтымды таңдау жасауға көмектесуі әбден мүмкін.

Ендігіден кейін, саған «осының өмірде не керегі бар?» деп кері тартатын адамдарға не айтуды білесің.