Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

ЖОО-ға құжат тапсыру 🎓

3 аптадан кейін ҰБТ-да өз мәресіне жетеді. Келесі әрекеттің бірі: мемлекеттік грантқа өтініш беру.


Өткен жылы білім грантына құжат тапсыру процесі онлайн, EGOV сайты арқылы қолжетімді болды. Биыл да онлайн өтініш жіберу қолжетімді болады деп күтілуді. Өтініш беру күні белгілі болған кезде міндетті түрде хабарлаймыз.


Мемлекеттік грантқа өтініш беру аяқталған соң (немесе қатар), ЖОО-ға құжат тапсыру басталады. Қажетті құжаттар тізімі, мамандықтар немесе ЖОО талабы бойынша өзгеруі мүмкін. Біз төменге көп университеттерге ортақ, қажетті құжаттар тізімін қалдырдық:

  1. Электрондық құжат нысанындағы өтініш (egov арқылы);
  2. Аттестаттың электрондық көшірмесі
  3. 3x4 көлеміндегі сандық фото;
  4. Медициналық анықтама;
  5. ҰБТ электрондық сертификаты;
  6. Білім беру грантын беру туралы электрондық куәлік (болған жағдайда);
  7. Педагогика немесе медицина мамандықтарына оқуға түсетін түлектер үшін психометриялық тесттің нәтижесі

Ескерту: талапкер 18 жасқа толмаған жағдайда, мемлекеттік грантқа өтініш беру және ЖОО-ға құжат тапсыру, ата-анасы немесе қамқоршысы арқылы жүргізіледі.