Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Қазақ тілі - Қазақ әдебиеті: мамандықтар 🎓

Қазақ тілі мен әдебиетін таңдасаң, сен 3 түрлі мамандыққа түсе аласың:

1) Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

2) Филология

3) Кітапхана ісі, ақпараттарды өңдеу және мұрағат ісі


Қазіргі уақытта қазақ тілі мұғаліміне сұраныс артты. Тек мектеп қана емес, түрлі дайындық орталықтарында қазақ тілін үйрететін мұғалім іздейді. Олар тек нәтижеге жұмыс істейді. Яғни, сен нашар мұғалім болсаң, бірден білініп қалады. Олардың айлықтары сағатына байланысты әртүрлі болады.


Филологтар жазуға қатысты кез келген салада жұмыс істей алады, тіпті журналистикада да. Алайда журналистер филолог бола алмайды.

Ал кім кітапхананың атмосферасын жақсы көреді, тыныштықта жұмыс істегенді ұнатады, соларға үшінші мамандық дәл келеді. Қазіргі уақытта кітапханадағы барлық әдебиетті толықтай цифрландыру процесі жүріп жатыр. Демек үш мамандыққа да сұраныс бар. Тек өз ісіңнің маманы болсаң жеткілікті.