Қазақша посттар
2022-04-13 14:24

Хоббиге арналған қызықты идеялар

Ең көп таралған кітап оқу, тігу, шахмат, спорт секілді хоббилерді қарастырмағанда олардан басқа қызықты әрі таңғаларлық хоббилерді табуға болады. Бізден - идея, сізден - қызығушылық болса болғаны.





Сүйкімді ойыншықтарды тоқумен айналысу - қызықты әрі табысты хобби. Амигуруми деп аталатын хоббидің түрі кішкентай өлшемдегі ойыншықтарды тоқып,оларға ерекше сән беру арқылы жақындарыңызға сыйлық ретінде сыйлауға да келеді.





Адамға ішкі эмоциясын сыртқа шығарып, шығармашылық қабілеттерін арттыруға және бір уақыт жан дүниесіне үңілуге мүмкіндік беретін хобби - арт-терапия деген атпен белгілі. Бұл хоббидің артықшылығы: сізге негативті эмоциялардан, комплекстерден және қорқыныштарыңыздардан арылуға көмектеседі.





Кішкентай балалар, жануарлар, табиғат - көмекке мұқтаж. Сондықтан өзіңіздің бойыңызда жауапкершілікті, мейірімділікті дамытқыңыз келсе, сізге еріктілікпен айналысуға кеңес береміз. Бір жағынан өзгелерге пайдаңыз тиеді, бір жағынан хоббиіңіз болады.





Геокешинг - деген хобби өте ерекше, бұл ойында адамдар белгілі бір жерде құпия затын жасырып қояды. Содан соң әлгі құпия затты басқалары GPS координаталары арқылы табуы керек. Бұл ойын кең көлемді түрде өткізуге де қолайлы.





Бос уақытыңызда осындай сияқты ерекше хоббилермен айналысып, бір уақыт миыңызға демалыс жариялап тұрсаңыз, өзіңізге пайдалы.





Ал сізге осы хоббилердің ішінен қайсысы ұнады?