Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Бастаған істі соңына дейін жеткізу

Бүгін бір күрделі тақырыпты қозғаймыз деп шештік. Ойлағанын жүзеге асырған, ісін соңына дейін жеткізген адамдар арамызда көп емес. Көшілік орта жолдан беріліп, ойынан айнып жатады. Мұнайды болдырмау үшін не істеу керек?


1. Уақытты үнемдеймін, бәріне үлгеремін деген оймен көп істі бір уақытта бастап қойма. Бұл жағдайда сенің жұмысыңның сапасы қатты төмендеп кетеді. Нәтижесінде сол істеріңді басынан істеуге тура келетін болады.


2. Бір істі бітірмей жатып басқасын бастама. Мысалы, саған үй жұмысын істеп бітіру керек және үйді жинастыру керек болса, бірінші осы екі істің бірін соңына дейін жеткізіп, бітіріп алғаннан кейін ғана екіншісіне көш.


3. Мінсіз нәтиже күтпе. Бір затты бастағанда адамда энтузиазм болады. «Қазір мен істеп тастаймын, бәрі керемет болады, нәтиже 100% көңілімнен шығады» деп ойлайсың. Бірақ реалист болған сен үшін әлдеқайда тиімді.


4. Басқалармен бәсекеге түсіп, процессті қызықтырақ ет. Мысалы, осы аптаның соңына дейін бір кітапты оқып бітіресің, ал егер бітірмесең досыңа бір сыйлық бересің деген секілді.


5. Жоспарлауға көп уақыт құртпа. Ертең осыны істеймін, осыны бітіремін, бәрін күшті қылып тастаймын деп қиялданып жүре бергеннен не шығады? Әрине, ештеңе. Нәтиже үшін іс-қимыл керек.


6. Бастаған істі жалғастыруға неге батылдық жетпейді? Себебі адам сол істі жасап, қиналудан қорқады. Ал егер істемесе, одан да қиын болатынын түсінбейді. Осы жайлы ойлап көр.


7. Негізі сенің қолыңнан көп зат келеді. Өзің ойлағаннан да көп. Сенбейсің бе? Онда көзіңді жеткіз. Жұмысқа бар күшіңді салып көрсең, өзіңнің күш-жігеріңе өзің таң қалатын боласың.


8. Бір жұмысқа кіріскенде біз жасау керек заттардың тізімін құрамыз. Ал сен керісінше жасап көр. Күн соңында бүгін жасап, бітірген істердің тізімін жаса. Сосын келесі күні бұл тізімді көбейтуге тырыс.


9. Сенің алдыңа қойған мақсатыңа жетіп қойған адаммен сөйлес. Мақсатың грантқа түсу болса, қазір грантта оқып жатқан студенттермен сөйлес, сұрастыр, кеңес ал. Бірақ дәл солардың жолын қайталауға тырыспа.


10. Жеңістің бағасы қандай? Ал жеңілістің ше? Сен жеңіске жетсең, не пайда аласың, жеңілсең қандай қиындықтар пайда болады? Осы сұрақтарға жауап бер.