24 сағатқа электр энергиясы өшіп қалса не істейсің? Иә, қазіргі таңда өмірімізді онсыз елестету мүмкін емес сияқты. Сондықтан да, бұл мамандық әрдайым сұранысқа ие болады.
Электр техникасы және энергетика маманы қалалық және ауылдық округтарды тоқпен қамтамасыз етуші, ТЖО-да автоэлектрик, жылу және су электр станцияларында маман болып жұмыс істейді. Энергияға қатысты қауіпсіздік шараларын сақталуын қадағалайды.
Электрик маманы жұмыс тәжірибесі және білім деңгейіне байланысты әр-түрлі дәрежелерге бөлінеді және жалақысы да соған байланысты. Өз ісіңнің маманы болсаң талай компанияларда жұмыс атқаруға болады.
Былтыр бөлінген грант саны – 1630, шектік балл – 64, ал ауыл квотасы үшін – 54 болған.
Егер де сені осы мамандық қызықтырған болса, физика және математика пәндерін таңдап, ҰБТ-ға Joo.kz-пен бірге дайындал.