Қазақша посттар
2022-07-28 09:43 Пайдалы кеңестер

ХХІ ғасыр адамының 5 ережесі ✍🏻

ХХІ ғасыр адамы қандай болу керек?

  1. ХХІ ғасыр адамы басқа адамдармен дұрыс қарым-қатынас орната білуі керек. Себебі адамдармен араласа білу, кез келген мамандық, кез келген сала талап ететін маңызды қабілет.
  2. Егер бұрын тек Word, Excel секілді бағдарламалармен жұмыс істей алу жеткілікті болған болса, қазір бұларды білу қарапайым дағдыға айналды. Адамдарға қойылатын талаптар да өзгерді. Қазіргі кезде адамдар әлеуметтік желілердің жұмыс істеу механизмін біліп, техникалық сауатты болуы керек.
  3. Бойында көшбасшылық қабілеттері бар адамдардың жетістікке жету мүмкіндіктері жоғары. Сондықтан осы бастан өзіңді жауапкершілікке баулып, әртүрлі іс-шараларды жүргізіп, тәжірибе жинауға ұмтыл.
  4. Қиын кездерде өзін және басқа адамдарды қолдап, мотивация беру - әр адамның бойында бола бермейтін қабілет. Алайда мына құбылмалы заманда бұл қабілет ең маңызды қабілеттердің біріне айналды. Сол себепті де, өзіңді әрдайым оптимистік қалыпта ұстап, бойыңда мәселе шешу (problem solving) дағдыларын қалыптастыр.
  5. Әрдайым жоғары бағаланатын қабілет - өз-өзіңе деген сенімділік. Өзіңе сенімді болсаң, алдыңнан көптеген мүмкіндіктер мен жолдар ашылып, ешқандай қиындыққа мойымай, арманыңды орындай аласың. Сондықтан да, ең бірінші, өз-өзіңе сенімді бол! Сенің қолыңнан бәрі келеді!