Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

4 айда ҰБТ-ға дайындалып үлгересің бе?

Қазақта «Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді» деген сөз бар. Қазір сенің басыңда түрлі ой бар. Жаңа жылға жоспар деп әрнәрсені өзіңе міндеттеп алдың. «Ағылшын тілін үйрену, спортпен айналысу, айына 2 кітап оқу, тігін курсына жазылу, т.б.» жаңа нәрселерді үйренгің келеді. Бұлар жақсы нәрселер, бірақ дәл қазір қажет емес. Дәл қазір сенде басымдық ҰБТ-ға берілуге тиіс. Себебі оған 4 ай ғана қалды. Бұл аз уақытты басқа іске бөлсең, ҰБТ-ға дайындығың әлсіреп қалады.


ҰБТ-дан жеткілікті жоғары балл жинап алған соң, ойыңдағы басқа жақсы әдеттерді қалыптастырып, үйрене берсең болады. Себебі негізгі маңызды істі бітіріп алдың.

Хобби және сүйікті істерің бұл санатқа жатпайды. Олармен күн сайын 20-30 минут айналысу шабыт сыйлайды.