1. Қиындықты жеңудің алғашқы қағидасы - күйзеліске түсіп, байбалам салмау. Неге? Себебі құр уайымдап, қобалжу туындаған мәселені шешудің орнына, одан сайын ушықтыра түседі.
2. "Патшалықты басқарғың келе ме? Онда алдымен өз-өзіңді басқарып үйрен" деген екен Публий Сир. Ал өзіңді басқарып үйрену үшін эмоционалды интеллектіңді арттырып, медитация жасауды әдетке айналдыр.
3. Қиындықтың бәрін бірден шешуге ұмтылма. Оған күшің жетпейді. Дәл қазіргі уақыттағы сен үшін маңызды қиындықтарға көбірек мән беріп, бірінші солардың шешімін табуға тырыс.
4. Ақылды адам өзі тап болған қиындықтарды өз пайдасына қарай шеше біледі. Ол қалай? Мысалы: сен жарақат алып, біраз уақыт бойы үйде емделуге тиіс болдың делік. Ендігіде бос уақытың көбірек болған соң осы мүмкіндікті өзіңді дамытатын кітаптарды оқуға немесе ҰБТ-ға дайындалуға пайдалансаң болады. Таяқтың екі ұшы болады. Мәселеге бір жақты емес, екі жақты қарап, өзіңе тиімді жағына назар аударуға тырыс.