Қазақша посттар
Қобалжудан қалай құтыламын?
Пайдалы кеңестер

Қобалжудан қалай құтыламын?

Барлық адам қобалжиды, бұл ағзаның қалыпты реакцияларының біріне жатады. Алақаның терлеп, жүрегің айнып немесе қатты соға бастаса демек сен қобалжып тұрсың деген сөз. Бұндай жағдайда өзіңе іштей "мен қобалжып тұрмын" деп айтып ал. Осылай мойындау арқылы қобалжығаның кішкене де болса басылады.


Емтихан алдындағы қатаң тексерісті көрген оқушылар уайымға ерік беріп, оқығанының бәрін ұмытып қалып жатады. Бұндай жағдайды болдырмас үшін: «Емтихан қалай өтеді? Қашан басталады? Не алып кіруге болады? Дәретхана қай жерде?» деген сияқты барлық сұрақтарыңды алдын ала сұрап, біліп ал. Тіпті үйде ата-анаңмен бірге емтихандағы тексеруші мен оқушы болып, ойын түрде елестетіп көрсең де болады. Сонда шынайы емтихан кезінде өзіңе сенімдірек боласың.


Көп оқушылар емтиханға бір күн қалғанда, бәрін қайталаумен өткізеді. Бұлай жасау дұрыс емес, емтихан алдында міндетті түрде жақсылап ұйықтап, тынығу қажет. Ұйықтар алдында бөлмеңізді желдетіп, күндіз далада таза ауамен жүріп қайтсаң, миға оттегі барып, оқыған еңбегің есте жақсы сақталады.


Ертең маңызды емтихан, мен қалай ұйықтай аламын? Бұндай ойдан мүлде аулақ бол. Күнделікті режимді сақтап, кешкі асқа ауыр тамақ жемеуге және гаджеттерді қолданбауға тырыс.


Плацебо эффектісі есіңде ме? Емтиханды жақсы тапсырып шығам деп сенген адам, қалайда соны орындайды. Бәрібір күмәнданып тұрсаң, жеңіл таңғы астан кейін қара шоколад жеп алсаң болады.

Сонымен қатар емтихан алдында қобалжымас үшін медитация, дем алу гимнастикасы секілді техникаларды меңгеріп ал, білгеніңнің зияны жоқ.

Осы айтылғанның бәрін орындап шықсаң, қобалжуды жеңіп шығасың. Сенің қолыңнан бәрі келеді!