ҰБТ-ға дейін әлі уақыт көп сияқты көрінуі мүмкін. Алайда, уақыттың қалай зымырап өте шыққанын байқамай қаласың. Мәселен, 2022 түлектерінің арасында ҰБТ-ға дайындықты 1-ақ ай қалғанда бастағандар болды. Басқаның қателігін қайталамай, дайындықты ерте бастаудың себептерін біле жүр.
- Керек тақырыптарды жеткілікті білемін деп ойлап, дайындалмай көп уақытын құртып алған талапкерлер жетіп-артады. ҰБТ-дағы сұрақтар 5-11 сынып бағдарламасынан келетінін есіңе саламыз. Жаттайтын, үйренетін тақырыптар көп, ал сен білмейтін заттар сен ойлағаннан да көп.
- Бір пәнді толық меңгеріп шығу оңай емес. Ал ҰБТ-да пәндер саны бір емес, бесеу. Тестілеуге бірнеше ай қалғанда бейіндік пәнін өзгертіп, дайындықты қайтадан бастап жататындар болады. Ал саған қазірден нақты шешім қабылдауға кеңес береміз.
- ҰБТ-да сенің өз-өзіңе сенімділігің де маңызды рөл ойнайды. Ал сенімді болу үшін сен барынша жақсы дайындалу керексің. Бұдан жасайтын түйін, неғұрлым ерте баста, көп оқы, жан-жақты ізден.
- Университетте ақылы бөлімде білім алуға 4 миллион теңге кетсе, грантта оқитын студенттер тегін білім алып, ай сайын шәкіртақысын да алып отырады. Солардың қатарына кіргің келсе, қазірден бастағаның дұрыс.