Қазақша посттар
2022-07-28 08:13 Пайдалы кеңестер

ҰБТ тапсырмай университетте оқуға бола ма?

Талапкерлер жиі сұрайтын сұрағының бірі «ҰБТ тапсырмай қалай жоғары оқу орнына түссем болады»‎ деген сұрақ. Негізінен Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында оқу үшін ҰБТ тапсыру міндетті. Бірақ екі жағдайда ҰБТ тапсырмасаң болады:


1. Назарбаев университетінде оқу үшін ҰБТ тапсыру қажет емес. Бұл университетке түсу үшін SAT сынағын тапсыру керек және ағылшын тілінен IELTS емтиханын тапсырасың.


2. Колледжден кейін өз мамандығың бойынша ақылы түрде жалғастыратын болсаң, ҰБТ тапсыру қажет емес. Шатастырып алма, егер грантқа түскің келсе, ҰБТ тапсыру керек. Және колледжден кейін университетті басқа сала бойынша оқығың, келсе ҰБТ тапсыру міндетті.