Армандарды визуализациялау - әрбір адамның қолында бар мықты құрал. Ең бастысы, оны дұрыс пайдалана білсең болғаны. Визуализацияның армандарыңды орындауға шыныменде көмектесетіні туралы ғылыми дәлелдер де жоқ емес.
Мида біз қандай да бір іс-әрекеттерді жасағанда оянатын, және соларды бақылайтын арнайы нейрондар болады. Міне, осы нейрондар визуализацияға жауап беріп, сенің армандарыңның орындалуына тікелей әсер етеді.
Ал енді визуализацияны қалай жасаймыз?
1. Армандаған затың туралы немесе барғың келетін жерді көз алдыңа елестет.
2. Елестеткеніңді есіңде жақсылап сақтауға тырыс.
3. Армандаған затың мен барғың келетін жердің қасына өзіңді де қосып, визуализациялауды ұмытпа.
4. Ал енді сен алғың келген затты алып, барғың келетін жерге барғаныңды елестетіп көр.
5. Арманыңды орындаған сәттегі эмоцияларың мен сезімдеріңді сезінуге тырыс.
6. Егер сен әлгі эмоциялардың әсерінен бойыңда жылулық пен қуанышты сезінсең, демек визуализация процесі сәтті өтті деген сөз.
Алайда бұл осымен әлі аяқталған жоқ. Бір күн визуализация жасап, барлық армандарыма қол жеткіземін деп ойлама. Армандарың орындалуы үшін сен апталап, айлап, тіпті жылдар бойына визуализация жасап отыруың керек. Сонымен қатар мақсатсыз арман орындала ма? Алдымен алдыңа жоспар құрып, мақсатыңды айқындап ал, содан кейін барып, армандарыңды орындауға кірісе берсең болады.
P.s: Күні ұзаққа диванда жатып, визуализация жасағаннан ештеңе де өзгермейді, себебі визуализация сенің арманыңды орындаудағы көмекшің ғана, сондықтан егер өзің еңбектеніп, күш салмасаң, армандарыңның орындалуы екіталай.