Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Студент болудың артықшылығы қандай?

-Олар ай сайын шәкіртақы алады.


-Оларға көптеген жерге жеңілдік бар. Мысалы, мұражай мен театрға, кинотеатрға, жол ақысына, т.б. Сонымен қоса, Apple музыкасына студент болсаң жеңілдікпен жазыла аласың. Шымбұлаққа жарты бағасына сырғанап қайтуға болады. Кейбір ЖОО студенттері Microsoft Office бағдарламасына тегін жазыла алады


-Work and travel. Студенттерге АҚШ-қа барып, аздап жұмыс істеп, тапқан ақшасына қыдыруға мүмкіндік беріледі. Әрі тіл үйреніп қайтасың.


-Жақсы дос табу. Дәл осы студенттік жылдарда тапқан дос өмірлік досқа айналады.

Сондықтан, оқушыларға айтарымыз: ең үздік студент атану үшін барыңды салып еңбектеніп, ҰБТ жақсы тапсырып, грантқа оқуға түс.

Ал студенттерге айтарымыз: құнды білім ал. Жеңіл нәрсеге қызығып, қиын білімнен қашып, адамдық салмағыңды жоғалтып алма.