🔹Таңдаған мамандықтан кейін өкінбейтіндей пайда табу үшін дұрыс оқу орнын таңдау өте маңызды. Жақсы ЖОО қалай таңдау қажет? Бұл сұрақтың жауабын іздемейтін талапкерлер жоқ шығар. Бүгінде ЖОО өте көп, сондықтан солардың ішінен ең жақсысын таңдап алу қиын. ЖОО таңдау барысында ескеретін бірнеше факторды атай кетейік.
🔹Талапкерлердің бәрі грантты жеңіп ала алмайды, сондықтан құжаттарды тапсырмас бұрын ЖОО-ның ақылы бөліміне төленетін қаражаттың көлемі біліп алу керек;
🔸Таңдаған білім ордасы өз түлектерін жұмыспен қамтамасыз бағдарламасы бар-жоқ екенін білу;
🔸Мемлекеттік және жекеменшік ЖОО арасында айырмашылық болады, соны ескер;
🔹ЖОО-да ғылым кандидаттары мен профессорлар неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы маман болып шығу мүмкіндігі бар; ⠀
🔹Көпшіліктің сұранысына ие университетті таңдауға тырысу;
🔸Туып өскен қаласында немесе алшақта оқығысы келетін студенттер көлікпен қатынаудың тиімділігіне мән берген абзал; ⠀
🔸Жатақханасы бар ма? Өйткені пәтер жалдап тұру бәріне қолжетімді емес
🔹ЖОО-ның сайтына кіріп, кітапхана, спортзал, үйірме туралы ақпарат қарау керек;
🔹Ең жақсысы, сол ЖОО-да оқыған адамнан кеңес сұрау керек.