🖥️ Программалау
HTML, CSS, PHP немесе Java секілді программалау тілдерін үйренуді қаласаң, саған Codeacademy курсына жазылуға кеңес береміз.
Codeacademy – 50 миллионнан астам адамның программалауды үйренуіне септігін тигізген, интерактивті онлайн платформа.
📑 MicrosoftExcel
MicrosoftExcel – электрондық кестелер тобына жататын ең танымал программалардың бірі.
Егер Excel-мен жұмыс істеп үйренгің келсе, саған Lynda платформасын ұсынамыз. Lynda – Excel-ді деңгей бойынша оқытып, оның барлық мүмкіндіктерін пайдалануға үйретеді.
📸 Фотография және Photoshop
Кәсіби түрде суретке түсіріп, оны өңдеуді кез келген адам үйрене алады. Егер сенің фотографияға деген қызығушылығың болса, KelbyOne, PHLEARN, Udemy секілді онлайн платформалардың курстарына жазылуға кеңес береміз.
🎥 Видеография
Егер сен шыдамдылық пен табандылық танытып, креативті ойлай білсең, онда саған видеографиямен айналысуға болады. Видеографияны Videomaker, Udemy, Premierepro секілді платформалардың онлайн курстарына қатысып, үйрене аласың.
🔎 Іздеу жүйесін оптимизациялау (SEO)
Интернеттен бір нәрсе іздегенде, көбіне ең бірінші шыққан сайтқа кіресің ғой, солай ма? Көптеген компаниялар осындай алғашқы орындарға жайғасу үшін іздеу оптимизациясымен айналысатын мамандарға қомақты қаражат төлеуге дайын. Мұндай маман болғың келсе, Up-Site деп аталатын онлайн платформадан меңгере аласың.
Сондай-ақ сен онлайнда ҰБТ-ға да дайындалуға болатының білесің бе? Жо-жоқ, бұл «сливтарды» жаттау емес, кәдімгі сабақ ретінде өтіп, тиімді методикамен дайындалу. Қызық болса МЫНА сілтемеге өт.