Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Шет тілі және дүние жүзі тарихы пәндерін таңдап, қандай мамандыққа түсуге болады?

Осы екі пәнді таңдап, мына 6 түрлі мамандыққа тапсыра аласың:

1. Шет тілі мұғалімдерін даярлау

2. Түркітану және шығыстану

3. Аударма ісі

4. Мәдениеттану

5. Саясаттану

6. Халықаралық қатынас және дипломатия


Бұл топта талайлардың арманы болған «Халықаалық қатынас және дипломатия» бар. Қазіргі президентіміз де халықаралық қатынас саласында көп еңбек еткен. Оған түсу де оңай емес. Шектік балл – 126, ал грант саны небары – 80.


Немесе әдемі мамандықтың бірі – «Аударма ісі» бар. Шет тілінде өте сауатты адамның жерде қалғаны жоқ. Тіл білу – оның визит картасы сияқты. Қаншалықты мықты білесің, соғұрлым қызметің де, құның да, саған сұраныс та жоғары. Ондай маман болуға ерік-жігерің жете ме?

Толығырақ білу үшін JOO.kz мобильді қосымшасына кіріп, «Мамандықтар» бөліміне өт.