Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Жұмыс пен сабақты бірге алып жүруге бола ма?

Жұмыс жасаудың пайдасы:

  1. Бұғанаң ерте қатаяды
  2. Шымыр боласың
  3. Қалтаңда ақша жүреді
  4. Үйде қадірлі боласың
  5. Тамақ дәмді болады
  6. Бос уақытыңды пайдасыз нәрсеге жұмсап өткізу деген әдет болмайды
  7. Көбірек тәжірибе жинайсың
  8. Теорияны практикада тексеріп көресің
  9. Бір істің маманы боласың

Ал сабақ оқып жүріп, жұмысты қалай қатар алып жүруге болады? Ол үшін:

  1. Сабақ кестесін жаса.
  2. Қанша бос уақытың бар екенін есепте.
  3. Жұмысты сабақтан тыс уақытта жасауға жоспарла.
  4. Егер сабақ уақытын өзгертуге болатын болса, онда жұмысқа ыңғайлап өзгертіп ал. Мысалы, сабақтардың арасында 1-2 сағаттық үзіліс болса, соларды қысқарту керек. Орнына басқа пәнді оқу керек.
  5. Егер жұмыс уақытын өзгертуге болатын болса, онда сабаққа қарай ыңғайлап ал.
  6. Жұмысың бар екенін сабақ беретін мұғалімге ескертіп қой. Ара-арасында форс-мажор ситуацияда ескертіп қоюды ұмытпа.
  7. Сабағың бар екенін жұмыс берушіге ескертіп қой. Маңызды емтихан кезінде айтып қоясың.
  8. Жұмысың сабаққа кедергі келтірмесін. Өйткені жас кезде сабақ бірінші орында тұрады. Білім алу – мидың толық мүмкіндіктерін ашу үшін беріледі. Ары қарай оны өзің дамытасың. Ал жұмыс істеп кез келген уақытта үлгересің.
  9. Біліммен қаруланып жұмыс істесең, табысың да, өнімділігің де көп болады.
  10. Білімсіз жұмыс істесең, тек физикалық жұмыс қана істейсің. Табысың әртүрлі немесе салыстырмалы түрде аз болады. Бірақ шаршайсың.