Уайымның түр-түрі бар. Осы жерде сен өзгеден ерекшеленесің. Сендегі уайым - негізі бар уайым. Оның шешімін де өзің білесің. Бәрі өзіңнің басыңда.
Сенде білім бар, жоспарлы еңбек бар. Бір жыл бұрынғы нәтижелермен қазіргі кезді салыстырса, жер мен көктей. Өзіңді асыра бағаламайсың. Тамшы тама-тама тас жарғаны секілді, жаттай-жаттай, оқи-оқи сенің басыңа біраз білім барды. Олар дер уақытында алдыңнан сарт етіп шығады.
Уайымның ең басты себебі білімім жетпейді деген ой. Ол сенде жоқ.
Жоспарға сай еңбек етіп, өз арын таза ұстайтын адамға қорқатын себеп жоқ, сондықтан сенімділігіңде күмән жоқ.
Өз шамаңды дұрыс бағала. Көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама. Яғни, ҰБТ-ға санаулы күн қалғанда таңдау пәніңді ауыстырма.
Қорыққанға қос көрінер деген мәтел бар. Уайымнан құтылу үшін ҰБТ-дан грант ұтып алған әпке-ағаларыңмен әңгімелес.