Жақында барлығы аяқталып, сен өзің қалаған мамандыққа грантқа түсесің. Ал сол университетті аяқтаған соң не істейсің?
Сен мемлекеттік грантта білім алсаң, сол мамандық бойынша 3 жыл көлемінде жұмыс істеуге міндеттісің, мемлекеттік ұйым болуы міндет емес.
Ал мамандықпен жұмыс істегің келмесе гранттың ақысын мемлекетке қайтаруың керек.
Студенттер мемлекеттік грантты өтеуден мынадай жағдайларда босатылады:
- оқуын одан әрі жалғастыру үшін магистратураға түссе.
- жүктілік жағдайында.
- үш жасқа дейінгі баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған жағдайда.