Қазақша посттар
Мотивация

Тәуекел етуден қорықпа!

1914 жылы Генри Форд зауыттағы жұмысшылардың жалақысын сағатына 5 долларға дейін көтеруді жөн көрген. Сол кезең үшін елдегі ең жоғары жалақы еді. Бәсекелестері бұл шешім Фордтың түбіне жетеді деп мазақ етті.


Оның салдары, керісінше, жақсы болды. Зауытта жұмыстан шығу проблемасы тоқтап, жұмыс сапасы жақсарды. Соның арқасында жаңа маман іздеу, ынталандыру шығындарын азайтты. Ал көлік сапасы жақсарды.


Сонымен қатар, жалақыны көтеру идеясы Фордтың кәсіпорындары мен өнімдерін бүкіл елге танымал етті. АҚШ-та жұмысшылардан орта тап қалыптасып, отбасына өздері құрастырған автокөлік сатып алуға жеткілікті ақшасы болды. Осындан кейін Фордтың клиенттері көбейді.

Табыс пен жетістікке тәуекелге барғыш және өз бетінше шешім қабылдағыш адамдар қол жеткізеді.