1. Д. Кларк – «Alibaba. Джек Ма салған үй»
Джек Ма – «Alibaba» компаниясының негізін қалаушы және Қытайдағы ең бай адамдардың бірі. Жоғары оқу орнына тапсыратын емтиханнан үш рет сүрінсе де, тоқтамай алға қарай ұмтылуды жалғастырды.
Басқа қытайлық кәсіпкерлерге қарағанда Джек Маның техникалық білімі жоқ болатын. Техникалық саладағы білімі аз, қарапайым студент бола тұра, ол қалай әлемдегі ең ірі интернет-компанияның негізін қалады? Жауабын автобиографияны оқу арқылы біле аласың.
2. Майя Плисецкая – «Мен, Майя Плисецкая»
Майя Плисецкая – XX ғасырдың ең танымал балериналарының бірі. 1930 жылдардағы репрессияның куәсі болып, соғыстың қиындықтарын бастан өткізген. Алдында қаншама кедергі тұрса да, Майя өзінің сүйікті ісімен айналысуды ешқашан тоқтатпаған.
3. Арнольд Шварценеггер – «Барлығын еске түсіру. Менің адам сенгісіз шынайы оқиғам»
Шварценеггер – сенімділік биік шыңдарды бағындыра алатынын дәлелдеген адам. Ағылшын тіліндегі акцентке, шетелдік екеніне қарамай, әлемдік танымалдыққа жеткен. Арнольдтің өмір жолымен толық танысып, шабыт алғың келсе, оның автобиографиясын оқуға кеңес береміз.