Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Физиканы үйренуге таптырмас кеңестер

1. Физика — іш пыстырарлық ғылым деген ойды ысырып таста. Бұл ғылым өте ауқымды және кез келген адам өзіне қызық тақырыпты міндетті түрде табады. Қоршаған ортаны түсіну физикадан басталады.


2 Физика өзінің бастауын математикадан алатынын естен шығарма. Сондықтан физиканы үйрену оңайырақ болу үшін, бірінші математиканы түсіну керек.


3. Бірінші теорияны толық түсініп алған дұрыс. Теорияны түсінбей, тек формуланы жаттай бергеннен еш пайда жоқ. Тағы бір артықшылығы — теорияны жақсы түсінген адамға формула жаттау да оңайға соғады.


4. Кітаптағы теория мен формулаларды түсіну қиын болуы мүмкін. Бұл кезде саған ғаламтордағы танымдық видеожазбалар көмектеседі.


5. Әйткенмен, ғаламтордағы заттың бәріне сене бермей, арасында дұрыстығын тексеріп тұруға кеңес береміз. Оны физик маман жасап шықты деп ешкім кепілдік бере алмайды.