Қазақша посттар
Мотивация

Физ-мат таңдап, қандай мамандыққа түсуге болады?

Осы екі пәнді таңдасаң, жалпы саны 32 мамандыққа түсе аласың. Әр мамандыққа грантқа түсуге шектік балл, нарықтағы сұраныс деңгейі, қандай университеттерде оқытады – оның бәрін JOO.kz мобильді қосымшасынан көре аласың. 


Мамандықтар тізімі мынадай:

- Математика мұғалімдерін даярлау

- Физика мұғалімдерін даярлау

- Информатика мұғалімдерін даярлау

- Физика

- Математика және статистика

- Механика

- Ақпараттық технологиялар

- Ақпараттық қауіпсіздік

- Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар

- Материалтану және технологиялар

- Электр техникасы және энергетика

- Электр техникасы және автоматтандыру

- Механика және металл өңдеу

- Автокөлік құралдары

- Теңіз көлігі және технологиялары

- Әуе көлігі және технологиялары

- Материалдар өндірісі (шыны, қағаз, пластик, ағаш)

- Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдары

- Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру

- Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс

- Стандарттау, сертификаттау және метрология

- Жерге орналастыру

- Су ресурстары және суды пайдалану

- Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар

- Өрт қауіпсіздігі

- Жылу энергетикасы

- Магистральдік желілер және инфрақұрылым

- Көлік құрылыстары

- Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану

- Металлургия

- Агроинженерия

- Мұнай-газ ісі

Ал сен қандай мамандық таңдадың?