Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Флэш-карта деген не?

Флэш-карталарды қолдану арқылы кез-келген ақпаратты еш қиындықсыз есте сақтап алуға болады. Егер оны қолдан жасағың келмесе, смартфоныңа мынадай қосымшаларды жүктеп ал:


🔹Quizlet

✅ Әдемі дизайн

✅ Ыңғайлы интерфейс

✅ Прогресті қадағалау мүмкіндігі

 

🔹Brainscape

✅ Қарапайым әрі түсінікті интерфейс

✅ Эффективтілік

 

🔹Anki

✅ Қарапайым дизайн

✅ Көпфункционалды

Флэш-карталарды кез келген уақытта қолдана аласың: кезекте тұрғанда, автобуста немесе метрода отырғанда және біреуді күткенде т.б. Жаттауды қызығырақ ету үшін мнемотехниканы немесе әртүрлі суреттер мен скетчтерді қолдануыңа болады. Өздігіңнен карта құрғанда, оларды қысқа және креативті етіп жазуға тырыс. Себебі бұл ақпаратты тез әрі тиімді есте сақтауға мүмкіндік береді.