Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Гранттың қандай түрлері бар?

Жалпы грант - мемлекет тарапынан бөлінетін грант. Білім грантының басым бөлігі осы жалпы грант. Және бұл гранттар жалпы конкурста ойнатылады. Бұл грантты ұтып алған оқушы ай сайын мемлекет тарапынан шәкіртақы, яғни стипендия алады және 4 жыл тегін оқиды.


Грант университетке емес, мамандыққа бөлінеді. Сен жалпы грант бойынша грантқа түссең, университет ауыстыра аласың.

Қазақстанға 4 жылдан кейін қандай мамандар керек екеніне байланысты бөлінеді. Сондықтан, егер бір мамандыққа грант бөлінген болса, демек оқу бітіргеннен кейін сен сол мамандық бойынша жұмыс таба аласың деген сөз.

Жалпы грант бойынша оқыған студент оқуын аяқтаған соң 3 жыл мамандығы бойынша жұмыс істеуі қажет. Әйтпесе, мемлекет оқуына төлеген ақшаны толығымен қайтарып беруі тиіс.


Әкімдік грант - жергілікті әкімдік бюджеттен бөлінетін грант түрі. Шәкіртақыны да, 4 жылдық оқу ақысын да студент үшін әкімдік төлейді. Бірақ, бір шарты бар. Әкімдік грантпен оқыған студент оқуын аяқтаған соң қай әкімдіктің грантын ұтқан болса, 3 жыл бойы сол қалада мамандығы бойынша жұмыс істеуге міндетті.

Мысалы, 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мұғалімдік мамандықтарға арнап 500 грант бөлді. Демек, 4 жылдан кейін Нұр-Сұлтан қаласына 500 мұғалім керек. Және сол үшін олар грант бөледі.


Серпін бағдарламасы - Қазақстанда ең көп адам саны Оңтүстік өңірде, ал ең аз Солтүстікте. Оңтүстіктегі жұмыс күшін Солтүстік өңірлерге тарту мақсатында ашылған грант түрі. Бұл грантқа Түркістан облысы, Жамбыл облысы, Алматы облысы, Маңғыстау және Қызылорда облысының оқушылары ғана қатыса алады.

Серпін грантымен оқыған студентке сол жерде жұмыс істеуің керек деп ешқандай шарт қойылмайды. Және қай жақта жұмыс істесе де өз еркінде. Серпін грантының шәкіртақысы бар.

Жалпы грант конкурсына қарағанда Серпін бағдарламасында грантқа шекті баллдар төмендеу. Серпін баңдарламасы бойынша грантқа түсу оңайырақ болып келеді.


Ішкі грант (ректорлық грант). Ішкі грант пен ректорлық грант - екеуі бір. Аты айтып тұрғандай, бұл грантты университеттің өзі бөледі. Ішкі грантта шәкіртақы болмағанымен, 4 жыл сол университетте ТЕГІН оқуға мүмкіндік береді. Және Ішкі грант бойынша оқыған студентке оқуды бітірген соң мына жерде жұмыс жасауың керек деген шарт қойылмайды.

Сендер білетіндей, біз көптеген университеттің ресми серіктесіміз. Ол университеттер біздің интенсив-марафонда оқыған оқушыларға арнайы ІШКІ гранттар бөледі. Мысалы, КазГЮУ, AIU, МУИТ университеттері тек қана біздің марафонда оқып жүрген оқушалырға ішкі гранттар бөлді.

Демек, біздің курсқа қатысқан оқушы 2 грант ұтып алуға мүмкіндігі бар. Біріншісі Жалпы грант конкурсында, екіншісі біз ойнататын ішкі грант конкурсында. Әрі қарай қай грант бойынша оқитынын өзі шешеді.


Ішкі гранттан бөлек, марафонда:

-Әр пәннен ҰБТ-да ең жиі кездесетін 80 тақырып

-Күніне 5 пәннен, аптасына 5 күн интенсивті дайындық

-ҰБТ 2022 сұрақтарымен тест тапсыру

-Тікелей эфирде разбор

-ҰБТ-дан кейін 4 мамандық, 4 университет таңдауға көмек бар.

Осының бәрі 2 айлық марафонымызда болады.

⚠️ Ескерту: біздің курсқа қатысып жатқан оқушыларға бұл марафон керек емес!

Марафон айына 19.900 теңге тұрады! Орын саны шектеулі. Өз орныңды алып үлгер!

Жазылу үшін МЫНА сілтемеге өт.