Жоғары сынып оқушылары үшін жазу керек материалдар өте көп. Сабақ барысында, үй тапсырмасын орындағанда, жаңа материал оқығанда маңызды тұстарын жазып шығу керек. Егер осындай дайындық кезінде қолың ауырса, демек бірнәрсе дұрыс емес болғаны.
1) Столда дұрыс отыру керек, шынтақ білезікке дейін толығымен жату керек. Ал аяқ жерге толығымен тиіп тұру керек.
2) Қаламды үш саусақпен (кімге қалай ыңғайлы) ұстау керек. Бас бармақ және сұқ саусақпен қысып, үшінші саусақтың үстіне тигізіп қою керек. Қаламды қатты қысып ұстауға болмайды. Өйткені саусақ тез шаршап қалады.
3) Жазуды тек саусақпен емес, иықпен де жазу керек. Саусаққа қарағанда иықтың күші көп. Сондықтан шаршау азаяды.
Ал енді конспектінің өзіне келейік. Сенің қолыңды ауыртып жүрген конспектінің мәселесін май шаммен қарайық.
1) Конспектіні түгелдей көшіріп жазу дұрыс емес. Мұғалім айтқан тақырыптың ең маңызды тұстарын ғана жазу керек.
2) Мұғалімнің сөзін емес, түсінгеніңді өз сөзіңмен жазған дұрыс.
3) Конспектіні көп жазатын болғасын, сөмкеңде әрдайым түрлі түсті қалам, стикер, маркер, замазка жүруі керек.
4) Конспект жазғанда қысқартып жазып үйрену керек. Сөзді қысқартудың сан түрлі әдісі бар. Оның ішіне өзің ойлап шығарған әдістерді қосуға болады.
5) Конспектінің соңында қорытынды жасалуы керек.
6) Конспектінің бір жерінде тақырыптың кілт сөздері жасалуы тиіс. Соған қарап бұл конспекті не туралы екенін біле қоясың.
Сонда да қолың ауырғанын тоқтатпаса, онда дәрігерге көріну керек. Физикалық жұмыстың жоқтығынан немесе физикалық жұмыстың көптігінен болып жүрген шығар. Оны сол істің маманы айтып береді.