Қазақша посттар
Мотивация

Өз-өзіңді сыйла! 🥰

Сыйлайтын, сүйетін адамыңа титтей де жамандық болғанын қаламайсың. Ең әдемісін беріп, ең дәмдісін жегізіп, ұйқысы қанық болғанын қалайсың. Ендеше сен үшін ең қадірлі адам өзің емессің бе?


Онсыз да ата-анаң үшін сенен өткен қадірлі адам жоқ. Өзіңді ең сүйікті адамыңды құрметтегендей құрметте. Пайдалы тамақ іш, жайлы киім ки, ұйқыңды қандыр, әр күні не істейтініңді жоспарлап қой. Ең қадірлі адамың грантқа түскенін қалайтын шығарсың. Онда дайындықты тоқтатпа. Материалды үйрен, білмейтін тақырыптарды тереңірек зертте, бірден шығара алмайтын есептердің ұқсасын қайта-қайта шығар. ҰБТ тапсырған адамдардың кеңесін оқы. Есте сақтаудың әдістерін үйреніп ал. Көп білгенше, солардың біреуін өмірде қолданған әлдеқайда артық.

Жақсы мақсат үшін бәрін пида ет.