Тайм-менеджмент жайлы жазылған кітаптардан ең жақсы әдістерді ұсынатын боламыз.
1. Тәуліктік биоритмдердің ерекшеліктеріктеріне байланысты әр адамның өнімділігі ең жоғары және ең төмен болатын кездері бар. Мысалы, бір адам өзін таңғы 11:00-де ең жоғары белсенділік танытады. Ендігі кезекте сен де сол уақытты анықтап, маңызды шаруаларыңды сол уақыттың ішінде орындауға тырысу.
2. Марк Твен: «Егер сенің жұмысың – бақаны жеу болса, онда бақаны таңертең тұрған соң, бірден жеп қойған дұрыс. Ал егер жұмысың – екі бақаны жеу болса, онда бірінші ең үлкен бақаны жеуден бастаған жөн» деген екен. Ең қиын және маңызды істерді кейінге қалдырмай, таңертең жасап тастау қажет. Себебі таңғы уақыт – жұмыс істеуге ең қолайлы уақыт әрі адамның құлшынысы мен шабыты да осы уақытта ашылады.
3. Біздің бір күн ішінде қабылдайтын шешімдеріміздің 90%-ы өмірімізге әсер ететіндей маңызды емес. Күн сайын қайталанатын істерді қас-қағым сәтте орындап таста. Сондай-ақ смартфоныңа және компьютеріңе уақытыңның қайда кетіп жатқанын біліп отыру үшін арнайы қосымшаны орнатып ал.
Ең бастысы, мынаны түсін: уақыт ақша секілді бағалы ресурс және ол қайтып келмейді. Оны босқа жіберіп алмай, ақылмен пайдаланып үйрену қажет.