Ертеңіне 7-де тұрдың. 50 сөз жаттадың. 100 рет отжимание жасадың. Өзіңе көңілің толды. Ертең қайталаймын дедің.
Ертеңіне ояндың, бірақ тұрғың келмейді. Тұруың керек, сөз жаттауың керек, отжимание жасау керек. Не деген қиын! Одан да кішкене жата тұрайын. Істемесем, ешкім жазалайын деп тұрған жоқ қой . Басыңда осы ой тұрады.
Бітті. Осымен қалды. Неге бұлай? Жұрттар қалай әдетке айналдырып жүр?
Бұл жерде саған кайдзеннің PDCA деген құралы көмектеседі. Мысалы, 7-де тұруды алайық. Негізі күн сайын 8-де тұрып жүрсің.
P - plan: кішкентай өзгерісті жоспарла, мысалы, тұру уақытын 15 минутқа шегер, яғни 7:45-те тұр.
D - do: жоспарлған істі жүзеге асыр.
C - check: тексер. Жаңа өзгеріс қалай, жеңіл тиді ме? Ары қарай жалғастыруға дайынсың ба?
A - action: Жауап иә болса, осы өзгерісті стандарт етіп бекітіп ал. Жауап жоқ болса, P-ға барып, кішкентай жаңа өзгерісті жоспарла, мысалы, тұру уақытын 15 емес 7 минутқа шегер.
Тіл үйрену де солай. 50 емес, 5 сөзден баста. Отжимание 10-нан баста.
Сонда миыңа олар оңай көрінеді. Істемеуге сылтау таппайсың. Дереу орындап тастайсың.