Жазғы каникулдың дәл ортасына да таядық. Алда сені ұйқысыз түндер мен зор үміт тұр. Уақыт таяғанда бармақ шайнағанша, қазірден бастап дайындыққа қамдан.
Осы постты біз әлі бейіндік пән таңдап үлгермеген болашақ талапкерлерге арнамақшымыз.
Ең алдымен бейіндік пән жайлы қысқаша тоқтала өтсек. Бейіндік пәндер немесе пәндер комбинациясы дегеніміз сен қалаған мамандыққа оқуға түсу үшін базалық білімді қажет ететін пәндер топтамасы.
Мысалы ретінде, сен медицинаға барғың келсе, онда биология химия комбинациясын таңдайсың. Демек сен алдымен бейіндік пәндер емес мамандық таңдағаның абзал.
Алайда, қандай мамандыққа баратыныңды білмесең, икемділігің жоғары пәндерді таңдағаның дұрыс. Себебі, сол пәндерге деген қызығушылығың мамандық таңдауға көмектесуі әбден мүмкін.
Ал сенің бейіндік пәндерің қандай?