Қазақша посттар
Ми жайлы TOP 3 кітап
Пайдалы кеңестер

Ми жайлы TOP 3 кітап

1. Фрит Крис "Мозг и душа. Как нервная деятельность формирует наш внутренний мир"

Ағылшын нейробиологі Крис Фриттің кітабында адамның психикалық жан дүниесінің қалай қалыптасатыны толық әрі қарапайым тілде түсіндіріліп, берілген. Сондай-ақ кейбір адамдардың неліктен күйгелек және стресске төзімсіз болатыны туралы да біраз мәліметтер келтірілген.


2. Шпицер Манфред "Вся правда о мозге. Популярная неврология"

Танымал невропатолог Манфред Шпицер миға байланысты қатып қалған қағидалар мен мифтердің ара жігін ажыратып, нағыз дәлелдер арқылы олардың қайсысы шындық, қайсысы жалған екенін ашып жазған. Өте пайдалы әрі қызықты кітап болғандықтан, міндетті түрде оқып көруге кеңес береміз.


3. Джек Льюис, Адриан Вебстер "Мозг: краткое руководство"

Қос психологтың бастауымен жазылған келесі бір керемет кітап ми жайлы жиі қойылатын сұрақтарға жауап береді. Кітапта берілген маңызды ақпарат саған ми құрылысын жақсырақ танып, алдағы уақытта бұл мәліметтерді практика жүзінде қолданып көруге мүмкіндік береді.