Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Ұнатпайтын пәнді қалай оқимын?

"Сабақта ұйықтағым келеді, ал үй тапсырмаларын жасағанда ішім ауырып бастайды — бұл “ұнатпайтын пән синдромының” белгілері. Бірақ одан құтылуға болады.


1. Себебін тап

Неліктен осы пәнді ұнатпайсың, сол туралы ойланып көр. Өзіңді алдамай, шынайы айт. "Пайдасыз" немесе "мен гуманитариймін" деген жауаптар аздық етеді. Тереңірек ізде. Осы пәнмен қалай танысқаныңды және оны қай сәтте түсінбей бастағаныңды есіңе түсір.


2. Ұнатпайтын пәніңнің пайдасы неде екенін анықта

Пайдасыз ғылым жоқ. Қазір немесе болашақта ұнатпайтын пәннің қандай пайдасы тиетінін түсін. Мысалы, математика: "қазір мен дүкендегі ұсақ ақшаны тез есептей аламын, ал болашақта қаржыға сауатты боламын".


3. Оқу әдісін өзгерт

Алдымен кім екеніңді біліп ал — аудиал, визуал, кинестетик немесе дижитал. Айталық, сен кинестетиксің және биологиядан шамалы қиналасың. Жасуша моделін немесе тірі организмдердің классификациясының макетін жасап көр. Тақырыпты "ұстап көру" арқылы түсіну оңайырақ болады.


4. Сүймейтін пәнмен хобби тауып ал

Оқудың пайдасын түсінген жағдайда оған деген қызығушылығың артады. Мысалы, егер тарихты ұнатпасаң, тарихи мұражай, ескерткіштерге барып көр.


5. Қолдау беретін тәлімгер табу

Ұнатпайтын пәніңді сүйіп оқитын адаммен достас. Құрдасың немесе үлкен адам болуы мүмкін. Оның әңгімесінен шабыттана отырып, біртіндеп оның қызығушылығын өзіңе сіңіре бастайсың. Бөтен адамның қолдауы және оның алдындағы жауапкершілік – түсінбейтін пәнді оқуға керемет мотивация береді.