Қазақша посттар
Мотивация

ҰБТ не үшін қажет?

Темірді бір формаға келтіру үшін балқыту қажет. Ал балқыту үшін отқа салады, балғамен соғады. Сосын барып оны қалаған пішінге келтіре аласыз.


Темірді тат жейді. Оның татын кетіру үшін тағы да төске қойып, балғамен ұру керек. Сонда темір жарқырап, татынан арылып, тап-таза күйге келеді.


Алтынды өндіру тіптен қиын. Бірнеше тонна құмнан бір грамға да жетпейтін көлемде алтын шығады. Құмды илейді, жуады, сұрыптайды. Қаншама сұрыптаудан кейін ғана шынайы алтын қалып, құм, топырақ шайылып кетеді.


Қарасаң, сынақ болмаса, темір сен қалаған пішінге келмес еді. Темірді тат жеп, жарамсыз болар еді. Алтын мен құмның айырмасы болмас еді. ҰБТ да жыл сайын жүз мыңдаған оқушының арасынан ең үздіктерін анықтайды. Білетін мен білмейтін оқушының бәрі оқуға түссе, не болар еді? Теңсіздік орнайды.


Өзіңнің үздіктерге жататыныңды дәлелде. Жаңа жылдан кейін дайындықты тағы 2 есе арттыр. Уақыт өтеді де кетеді. Нәтиже қалады.