Қазақша посттар
2022-04-13 16:04

Халықаралық емтихандар туралы не білеміз?

Мектепті бітіргеннен кейін жоғарғы оқу орнына түсу үшін өз қалауыңыз бойынша ҰБТ тапсырасыз. Сіздің ҰБТ нәтижеңіз тек қазақстандық оқу орындарына түсуге ғана қажет. Ал егер шетелде оқығыңыз келсе онда халықаралық емтихандар тапсыру керек болады. Сонымен халықаралық емтихандар дегеніміз не?





Халықаралық емтихан - шет тілдерінен сіздің біліміңізді дәлелдейтін және шетел оқу орындары мойындайтын құжат. Мысалы: АҚШ-қа оқуға түсу үшін сіз TOEFL деген емтиханды тапсырасыз. TOEFL - сіздің ағылшын тілін білу деңгейіңізді анықтайды. Бұл емтиханды АҚШ, Еуропа және Азия елдеріндегі ЖОО-ға түсу үшін тапсырасыз.





Дәл TOEFL сияқты Ұлыбритания, Канада, Аустралия және Жаңа Зеландия елдерінде оқу үшін тапсыру міндетті IELTS емтиханы да кең таралған.





Қай елге оқуға барасыз сол елдің тілін білу шарт. Егер Германияға оқуға барсаңыз, TestDaf , DSH , Оңтүстік Кореяға барсаңыз Topik , Испания үшін DELE деген сияқты әр елдің өзі белгілеген емтихандарын тапсыру қажет.





Емтихандар көбінесе: оқылым, тыңдалым, жазылым және сөйлесу бөлімдерінен тұрады. Халықаралық емтихандарды тапсыру бағасы да әртүрлі, бірақ орташа алғанда 30$-150$ арасында болады.





P. S. Кейбір университеттер қандай емтиханның сертификатын қабылдағысы келеді, соны қабылдайды. Сондықтан халықаралық емтихан тапсыратын болсаңыз міндетті түрде ол туралы барлық мәліметті біліп алыңыз. Дайындықты неғұрлым ерте бастасаңыз, соғұрлым жақсы нәтижеге жету мүмкіндігіңіз арта түседі.