Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Metaskills vs Soft skills: қайсысы маңыздырақ?

Бұл екеуінің қайсысы маңыздырақ екенін анықтау үшін алдымен метақабілеттердің не екенін біліп алайық: 


Метақабілеттер деп - soft skills пен hardskillsті қоса алғандағы адамның бойындағы жалпы қабілеттерді айтамыз.  Көптің аузында жүрген hard skills пен soft skills біріккенде пайда болады. Ал енді метақабілеттерге не жататынын көрейік: 

1) Эмпатия - өзгелердің жағдайын түсініп, оларға жанашырлықпен қарай білу қабілеті.

2) Креативтілік - шаблонды және стереотипті ойлаудан арылып, мәселенің жаңаша шешімін ойлап табу қабілеті. 

3) Ойлау жүйесінің бейімді болуы - кез келген жағдайға дайын болып, тез арада шешім қабылдау қабілеті. 


Алдыңа мақсат қойып, соған жету - soft skillsке жатады. Ал ол мақсаттың саған не үшін керектігін түсіну - metaskillsке жатады. Сол сияқты жоспарлау soft skills болса, ол жоспарға өзгерістер мен түзетушіліктер енгізу metaskills болып табылады. Ал енді сенің ойыңша адамға қайсысы ең маңызды деп ойлайсың? Metaskills пе, әлде softskills пе? 

P.s: Біздің ойымызша адамға ең маңыздысы ол - metaskills.