Қазақша посттар

Оқуға түстім. Енді кім болам?

Оқушылардың кім болатынын 90% ата-анасы шешеді. Баламды дәрігер, мұғалімдікке жаза сал дейді. Оқушы Жалпы медицинаға түсіппін. Сонда кім боп шығамын бітіргенде? дейді. Бұл көптеген оқушылардың басындағы жағдай. Ал ата-анасы болса Кім боламыны несі? Дәрігер боласың. Укол салып, система қоя алсаң, бізді емдей алсаң болды дей салады. Ал оның дәрігер болғысы келмесе ше?





Ата-анасынан ығып, оқуын жалғастырса да, ақырында олақ дәрігерлер, салақ ұстаздар шығады. Өмірлеріне риза емес, бақытсыз. Бәріне кінәлі ата-ана ма? Меніңше, кінәні екі жақтан да іздеу керек.





Ата-ана бала үшін шешім шығара бергендіктен, бала өзі үшін шешім қабылдай алмайтын болып қалған. Ондай жастар өссе де, үлкен сәби сияқты боп, ата-анасына жалтақтап тұрады. Мұндай ата-ана өз әрекеттерін таразыға салып, балаға таңдау құқығын беріп, үйрету керек.





Талапкер де өз-өзімен сөйлесіп, есеп беру қажет. Мен кіммін? Қандай адам боламын? Өмірдегі орным қандай? деген сұрақтарға қал-қадарынша жауап іздеу керек. Өз өміріне шешімді өзі қабылдап бастау қажет. Қандай мектепке баратының, қандай киім киетінің, не жейтініңді 18 жасқа дейін ата-анаң шешті. Толыққанды адам болдың. Ақ пен қараны ажырата аласың. Енді мамандық таңдауды өзің шешу керек.





Біз елімізде өз ісін сүйетін мықты мамандардың көп болғанын қалаймыз. Мейлі ол сантехник, электрик немесе СЕО (компания директоры) болсын, өз ісінің білікті маманы болса болды.





Мамандығыңды анықтап қойсаң, онда оған грантқа түсу үшін JOO.KZ курсын жіберіп алма.