Уайым, мазасыздану, түрлі ойлар, қорқыныш, мұның бәрі тек келе жатқан ҰБТ-ға байланысты емес. Басқа да себептерін және олардың алдын-алу жолдарын қарастырып көрейік:
1. Мазасыздану қанның құрамындағы глюкоза (қант мөлшері) төмендеп кеткенде пайда болуы мүмкін. Сондықтан міндетті түрде ақуызға бай таңғы ас ішіп, әрдайым қант мөлшерінің бірқалыпта болуын қадағала.
2. Ағзадағы мазасыздану деңгейінің жоғары болуы В-12, Омега-3 және D дәрумендерінің жетіспеушілігінен болуы да мүмкін. Жақында жүргізілген зерттеушілер нәтижесінде, Омега-3 дәрумені мазасыздануды басуға көмектесетіні дәлелденді. Сол себепті үнемі ағзаңа құлақ асып, қажетті дәрумендерді уақытында қабылдап отыруға тырыс.
3. Мазасыздану мен стресстен медитация, йога немесе тайчимен айналысу арқылы құтыла аласың. Зерттеулер көрсеткендей, бұл жаттығулар басқа спорт түрлеріне қарағанда жарақат алу мүмкіндігі төмен әрі қолжетімді болуымен бағаланады.
4. Көңіл-күйді көтеріп, мазасыздық пен артық қобалжудан арылуға физикалық жаттығулар көмектесе алады. Себебі көптеген зерттеулер үнемі спортпен айналысып, қозғалыста болатын адамдар, басқаларға қарағанда аз мазасызданып, көңіл-күйлері тұрақты болатындығын көрсетті.
5. Адам ағзасына ұйқының жетіспеушілігі мазасыздануға және тағы да басқа ауруларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Бұндайды болдырмас үшін өзіңе қажетті мөлшерде ұйықтап, арасында демалып тұруды ұмытпағаның жөн.