Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Әр күнге арналған 7 аффирмация

Дүйсенбі: "Мақсатқа жетудегі басты кедергі әр адамның басында болады емес пе? Сол себепті де, егер мен басымдағы кедергілерден арылсам, онда қалған кедергілерден құтылу мен үшін түк болмай қалады".


Сейсенбі: "Бүгіннен бастап мен өз сәтсіздіктерім үшін басқаларды кінәламаймын. Өз қатемді өзгеге айтып шағымдансам да, өмірім жақсы жаққа өзгеріп кетпейді. Бүгіннен бастап әлемге тек жақсы оймен қарайтын боламын". 


Сәрсенбі: "Менің өмірім бір сарынды болмайды. Себебі күн сайын жаңа мүмкіндіктерді іздеп, өмірімді бұдан да жақсырақ етуге тырысамын". 


Бейсенбі: "Шыдамдылық - өзіңе деген сенімділік пен күш-қуаттың белгісі. Ендігіден бастап, шыдамды болуға жаттығамын". 


Жұма: "Мен міндетті түрде сәтсіздіктерден құтыламын. Сүрінсем де, құласам да, қайта-қайта тұрамын. Өйткені өзімнің табандылығым мен ерінбей еңбек еткенімнің арқасында өмірімді өзгерте аламын". 


Сенбі: "Позитивті болу дегеніміз - негативті жағдайларға мүлдем назар аудармауды білдірмейді. Позитивті болу дегеніміз - негативті жеңуді білдіреді. Осы айырмашылыққа назар аудара отырып, мен бүгіннен бастап өз көзқарасымды өзгертемін". 


Жексенбі: "Уақыт - мен басқара алатын азғана нәрселердің бірі. Сондықтан 

бүгіннен бастап, мен өз өмірімнің әр минутын бағалайтын боламын".