1. Джулия Кэмерон – "Путь художника"
Джулия Кэмерон адамдардың шығармашылық қабілеттерін ашуға көмектесетін консультант ретінде АҚШ-та өте танымал. Оның "Путь художника" атты кітабы оқырманға өзінің шығармашылық таланттарын ашуға көмектесетін тапсырмалардан тұратын 12 апталық курс. Бұл кітап 10 жыл ішінде миллиондаған адамның өмірін өзгертіп, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, жетістікке жетулеріне себепші болды. Сондықтан егер жаның шығармашылыққа жақын болып, бірақ нақты қандай қабілеттерің бар екенін білмесең, саған осы кітаптағы курсты өтуге кеңес береміз.
2. Марина Москвина – "Учись видеть"
"Профессионалды суретші, композитор немесе актер болмаса да, әрбір адам іштей шығармашылыққа жақын. Себебі шығармашылық - ол әр адамның ішкі жан дүниесі, қарапайым заттардың өзіне қуана білуі" - деген ұстанымды қолдайтын Маринаның "Учись видеть" атты кітабы мыңдаған оқырманның көңілін өзіне аударды. Егер сен де солай өмірден өз орныңды тауып, шығармашылық қасиеттеріңді анықтағың келсе, онда осы кітапты алып, оқып көр. Саған ұнайтынына толық сенімдіміз.
3. Сьюзен Джефферс – "Бойся... но действуй"
"Бойся... но действуй" – ағылшын тілінде басылып, кейіннен көптеген тілдерге аударылған Сьюзен Джефферстің атақты бестселлері. Бір ғана АҚШ-тың өзінде бұл кітаптың 2 млн данасы сатылған. Кітапты оқу арқылы сен:
- адамдардың неге және неден қорқатынын
- дұрыс әрі өкінбейтіндей қалай шешім қабылдауға болатынын
- позитивті ойлау жүйесін қалыптастырудың 10 қадамы жайлы толығырақ білетін боласың.
Пайдалы кеңестер мен ақпаратқа толы бұл кітап сенің өмірден өзіндік жолыңды тауып, жетістікке жетуіңе көмектеседі деген ойдамыз.